Қоғам

Арбаларын жөндеп, жеткізіп береді

Семейде мүгедек жандардың арбасын жөндейтін цех ашылды. Бұл жаңа өндіріс орны бұзылған арбаларды жылдам әрі сапалы жөндеп қана қоймай, тапсырыс берген адамның үйіне тегін жеткізіп береді.

Арбаларын жөндеп, жеткізіп бередіЖергілікті мүгедектер қоғамының бастамасымен ашылып отырған бұл цехтың іске қосылуына демеушілер қаржылай көмек көрсетіпті. Бұрын бір реттік жөндету сегіз мың теңге тұратын және оның өзі сапалы бола бермейтін. Енді семейлік мүгедек жандар арбаның ақауын жөндету үшін телефон арқылы тапсырыс беретін болды. Негізі мұндай арнайы арбалар сегіз жылдық кепілдік мерзім-мен шығарылады. Бірақ мүге-дектер қоғамының төрағасы Ақан Ерхановтың айтуынша, олардың көбі Қытайда өнді-рілгендіктен жиі бұзылатын көрінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы пандустар мен арнайы көтергіштердің болмауы да олардың жылдам тозуына себепші болып отыр.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button