Қоғам

Қараталдың тұрғыны қолдан телескоп жасады

Қараталдың тұрғыны  қолдан телескоп жасады

Зайсан ауданы, Қаратал ауылының тұрғыны Вениамин Шульгин қолдан телескоп жасап шығарды. Төл туындысымен ол аспан денелерін, оның ішінде айды тамашалайды.
Қараталдық өнертапқыштың негізгі мамандығы – электрик, Ол ауыл мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істейді. Телескопты қолы бос уақытта, ермек ретінде құрастырады екен. Бұған дейін Вениамин төрт телескоп жасап, ауылдастарына арзан бағаға сатыпты.
– Телескоппен айды бақылаймын. Айдың бетіндегі тауларды, кратерлерді тамашалаймын. Енді айкезбелерді көрсем деген арманым бар. Меніңше, ай жоғарыдағы күштердің адамдарға қамқор болсын деп жаратқан дүниесі, – дейді Вениамин Шульгин.
Ауыл тұрғыны бала кезінен электрик болуды армандапты және сол арманына қол жеткізіпті. Ал ғарышкерлікті меңгеру немесе аспан денелерін зерттеуші болу оның ойына да кірмеген.

Серік Әбілхан

(Сурет \”Экспресс К\” газетінің сайтынан алынды)

Осы айдарда

Back to top button