Қоғам

Қарашада Өскемен мен Семейдің электронды картасы енгізіледі

Қарашада Өскемен мен Семейдің электронды картасы енгізіледі


Облыс әкімдігінің Контакт-орталығында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсуковамен тікелей байланыс өтті.

-Мен үй салу үшін 10 сотықжер алу кезегінде тұрмын.Тұрғылықты жері бойынша немесе облыс орталығынан үй салуғажер учаскесін қалай алуға болады?

– Жер кезегінде тұрғандарға да және жер алуға ниеттенгендерге де айтарым, жекетұрғын үй салуға берілетін жер бәріне бірдей емес, кезегі келген тұрғындарға ғанаберіледі. Өскеменнен жер алуға2005 жылдан бері қарай қалыптасқан кезек бар. 10 сотық жер (Жеке тұрғын үй құрылысы үшін (бұдан әрі – ЖТҮҚ) жер учаскелерінің сумен, электр желісімен, жолмен қамтамасыз етілуі жағдайына қарай беріледі. Бұл – 2016 жылы Жер кодексіне енгізілген жаңа нормалар бойынша бекітілген талап. Қазіргі күні «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаланың28, 20-ықшам аудандарындағы жер учаскелері биылдан бастап бағдарлама аясында осындайинфрақұрылымдармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл – ұзақ мерзімге арналған бағдарлама, су, жарық тарту, жол салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

-Қаланың маңында салынатын жер үйлерді қалай сатып алуға болады?

-Қазіргі күні «Нұрлы жер» бағдарламасыныңқанатқақты жобасы бойынша Семей мен Өскеменде құрылыс компаниясымен бірыңғай жоба бойыншасалынатын жер үйлер құрылысы басталып жатыр. Бұл жоба облыс орталығындажеке меншік жер үйлерді бейберекет салуға жол бермес үшін де жасалып отыр. Аталған бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жер алуға өтініш бергендерін (немесе беруі керек) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне немесе екінші деңгейдегі банктерге барып, өздерінің төлем төлеу қабілеттерін растауы қажет. Жеке жер үйлерге қатысты ешқандай санатқа жеңілдік қарастырылмаған. Қазіргі күні Өскеменде жер алуға 4000 адам, Семейде 24 000 адам кезекте тұр. Семейде бас жоспар бойынша жер үйлер салуға жоспарланған учаскелер саны 13 700 ғана, сол себепті өтініш бергендердің бәрі бірдей жер ала алмайды. Тұрғындар үшін баспаналы болудың тағы бір мүмкіндігі-«7-20-25» бағдарламасына қатысу. Қанатқақты жобамен жеке тұрғын үйлер салынатын 28-ші ықшам аудандағы тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары дайын, құрылысты жүргізілетін мердігер анықталып, құрылыс басталды.Алайда салынатын жер үйді сатып алуға тұрғындар тарапынан өтініш өте аз түсіп жатыр.

-Учаске алу үшін кезекке қалай тұру керек?

-Жер учаскесін қай жерде тұрғыңыз келсе, сол жерден алуыңызға болады. Егер сіз ауылда тұрып, қаладан үй салу үшін жер алғыңыз келсе, қалалық әкімдікке келіп, кезекке тұрасыз. Егер аудандардан алғыңыз келсе, сол ауданның әкімдігіне барып тіркелесіз. Біздің облыс бойынша үй салу үшін жер алу кезегіӨскемен мен Семей, Зырян, Аягөз қалалары мен Қасым Қайсенов кентінде ғана бар. Қалған өңірлерде кезек жоқ. Жер учаскесін алуға байланысты сауалдардың жауабын аудан әкімдіктерінің, жер қатынастары басқармасының сайтынан алуға болады.

Алдында айтып кеткенімдей,ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру тек қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бөлу үшін дайындалған аудандар бар болуына қарай жүзеге асырылады.

-Гараж салу үшін жерді қалай алуға болады?

-Жеркодексінің жаңа талаптарына сай коммерциялық нысандар салуға арналған жерді тексауда арқылы аукционнемесе конкурс түріндегі сауда-саттықта сатып алуға болады. Сауда-саттықтың қажетті құжаттары әзірленген соң, әкімдік саудаға қатысушылардың тізімін бекітіп, сауданың өту шарты туралы: оның қайда, қашан өткізілетіні, қатысу үшін қалай тіркелу қажеттігі, қанша жарна төлеу керектігі туралы, тағы да басқаақпараттардыөздерінің сайтында, АШМ сайтында, баспасөзде жариялайды. Осылайша, тұрғын белгіленген күні келіп, гараж салуға, тағы басқа мақсатқажер учаскесін сатып алады.
Аукциондық саудада кім ақша (бастапқы ұсынылғанбағадан) көп төлесе, жер учаскесін сол сатып алады, ал конкурс түріндегіде кім тиімді, оңды жағдай ұсынса, сол сатып алады. Семей мен Өскеменде көбінесе сауданың аукциондық түрі қолданылып келеді. Жай ғана әкімдікке келіп дүкен, гараж салуға жер учаскесін ешкімсұрап ала алмайды.

-Жер учаскелерінің бөліну көлемі, нормалары қандай?

-Тегін 10 сотықжер өтініш берген тұрғындарғакезек бойынша үй салуға беріледі. Жер кодексіндегі бекітілген тәртіппен сондай-ақ саяжай мен бау-бақшалыққа 12 сотық, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге 25 сотыққа дейін, сонымен біргежаңадан енгізілгентәртіпке сай үй жанындағы бақшалыққа (огородқа) 1 га дейін жер тегін беріледі. Коммерциялық нысандар салуға арналған жер учаскесіқұрылыс нормалары мен ережелеріне сай бөлінеді.

– Шаруа қожалығын жүргізуге жер учаскесін алғанмын, оны басқа біреудің атына өткізуіме, тіркеуімебола ма?

-Жер кодексінде белгіленгендей, ауыл шаруашылығы жерлері сатылмайды, біреуге де берілмейді. Оған тыйым салынған.Жер учаскесі тек мұралыққа ғана беріледі. Әзірге осындай жолы ғана бар.

-Қазіргі күні жер учаскелері тек жалға ғана беріле ме?

-Иә, 2016 жылдың 6мамырында жерді сатуға2021 жылдың 31 желтоқсанынадейін мораторий жарияланған. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер текжалға беріліп келеді. Қалған бағыттар (өнеркәсіптік, коммерциялық, т.б. нысандар салу) бойынша жер жеке меншікке беріледі. Сонымен бірге кодекске жаңадан енген толықтырулар бойынша үй салуға берілген жерлер деқашан толық игерілгенге дейін жалға ғана беріледі. Тек үй салынып бітіп, пайдалануға берілген соңғана жеке меншікке беріледі.

-Қалада мейрамхана, дәмханаларды тұрғын үйлердің жанынан салуға неге рұқсат беріледі? Оларға рұқсат бергенде, халықтың пікірімен неге санаспайды?

-Бұл мәселе сәулет, қала құрылысы органдарының құзыретінде. Тиісті құрылыс нормалары талаптарынасай аталған жұмыспен жергілікті әкімдік айналысады. Әрине, мұндай ірі нысандарды салмас бұрын, қоғамдық тыңдау өткізген дұрыс болар еді. Нысандардыңқолайсыздық тудыруына орай тұрғындар тарапынан шағым түсіп жатқан мұндай мәселелер көп. Алаңдаушылық тудырған жайттарғабайланысты жер инспекциясына, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне арыз, шағым жазуға болады.

– Мағанбұрын берілгенжер учаскесінің пайы неге жарамсыз болып қалды? Ал менің балаларыма пай мүлдеберілген жоқ? Жергілікті әкімдік 8 гектардан пай берілетінін уәде еткен, бірақ әлікүнге дейінберілген жоқ.

-Пайлар еліміздегі жер реформасына дейін берілген болатын. Кеңшарлар мен ұжымшарлар тараған кезде, онда жұмыс істеп келген жұмысшылардың бәріне шартты түрдегі пай үлескілерінің куәлігіберілді. Егер сіздің балаларыңыз кеңшарда жұмыс істесе, пайы болды, істемегендерге берілмейді. 2005 жылы осы шартты жер учаскелері пайларын үш түрлі субъектіге тіркеу туралы заң шықты: оны жеке меншікке сатып алу немесе ЖШС мен өндірістік кооперативкежалға беру немесе өз шаруа қожалығын ашу. Осы рәсімдерді жүргізген адамдар тиісті құжаттары арқылы дивиденттер алуға, басқа дашаруашылық әрекеттер жүргізуіне болады. Ал сол кезде бұл рәсімді жүргізбегендер пайға өз құқықтарын біржолатажоғалтты. Бұл – жер қатынасы заңдылықтарының бекітілген нормасы. Заңды білмегеннен, дұрыс түсінбегендіктен, жер үлескісі пайларын жоғалтқан адамдар өте көп. Бірақ мен бұл адамның сұрағын нақтылап, жеке қарап, жауабын беремін. Өйткені тұрғындардың пайларыналып, басында оларғатиісті үлестерін төлеп келіп, кейін мүлде төлеуді доғарған ЖШС, ШҚ-лар көп.

– Жерді 49 жылға уақытша жалға алған шаруа қожалығыЖарма ауданы әкімдігінің өкілетті органынашаруа қожалығын жүргізу мақсатында алынған аумағы 1075 гааталған жер учаскесіншаруа қожалығынан ЖШС-нңң жарғылық қорына үлес ретінде қосу үшін, шаруа қожалығын жүргізу мақсатындағы жерді тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі мақсатында пайдалануға өзгертуге өтінім түсірген. Алайда жер пайдалану мақсатын өзгерту жерді мемлекеткеқайтарып берген жағдайда ғана жүзеге асатынын алдыға тартқанаудан әкімдігінің өкілетті органыжердің мақсатын өзгерту туралы өтінімді қанағаттандырусыз қалдырды. Жарма ауданы әкімдігінің осы шешімінің негізді, негізсіз екенін түсіндіріп берсеңіз.

-Бұл мәселемен міндетті түрде жеке айналысып, жауабын беремін. Жер кодексі нормаларына сай жер шаруа қожалығын жүргізугеазаматтарға беріледі, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге заңды тұлғаларға, яғни ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, ЖШС-ге беріледі.Жоғарыда айтылған жағдайда өтінімді қанағаттандыруға негіз бар.Өтініш заң нормаларының қандай талаптары негізіндеқанағаттандырылмаған? Осы мәселені егжей-тегжейліқарастырып,жеке жауабын беремін.

-Өскемен қаласының маңында бағдарламамен жаңадан салынатын жекеменшік үйлердің бағасы қандай болады?

-Ново-Явленка маңындағы 28-ші ықшам ауданда салынатын жеке тұрғын үйлердіңжалпы ауданы80-100-120 шаршы метр болып жобаланған. Әр шаршы метрінің бағасы120 мың теңгегедейін. Қалалық құрылыс бөліміне хабарласып, үйлердің бағасына, құрылысынақатысты нақты жауап алуыңызға болады.

-Үйіміздің жанында жер учаскесі бірнеше жылдан берібос тұр. Қалалық әкімдікке осы учаскені сатып алуға өтінім бергеніммен, ол жердің бос емес екенін айтты. Бұл жерді бұлайша текке жатқызбай, қайта қажет етіп жүрген адамның пайдалануына беру керек емес пе ?

-Бізде жер учаскелері туралы мәліметтер мен деректер әкімдікте емес, азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мемлекеттік ұйымында тіркеледі. Ол автоматтандырылған мемлекеттік жер кадастры жүйесін жүргізіп отырады. Мемлекеттік жер кадастры туралы мәлімет кез-келген заңды және жеке тұлғаға жазбаша сұраныс негізінде беріледі және ақылы. Қарашадан бастапӨскемен мен Семейде жер учаскелерінің электронды картасы енгізіледі. Электронды картада берілген, бос тұрған барлық жер учаскелері, инженерлік-коммуникациялық жүйелер туралы жан-жақты мәлімет көрсетіледі. Онда геопортал жүйесі, яғни карта мен өтінім берушіні өзара байланыстыру тетігі де болады. Геопортал арқылы салынған нысанды инфрақұрылымдарға қосу, қайта жобалау құжаттары, онлайн аукцион сияқты мемлекеттік қызметтер де көрсетіледі. Мекенжайын анықтай отырып, үйіңіздің жанындағыжердің неге пайдаланылмай жатқандығын алдағы уақытта тексеріп, анықтауғаболады. Ал қарашадан бастап өзіңіз барлық жер учаскелері туралы мәліметтердіинтернеттен электронды карта арқылы көріп, білуіңізге болады. Келесі жылдан бастап бес қалада:Риддер, Зырян, Серебрянка, Аягөз, Шемонайхада да осындай жер учаскелерінің электронды картасы енгізіледі.

-Біздің облыста шетелдіктерге жалға берілген жер учаскелері бар ма?

– Әрине,ондай учаскелер бар.Себебі 2016жылы мораторий жарияланғанға дейін шетелдіктерге жер учаскелері жалға беріліп келді. 2015 жылы Бесқарағайда қытайлық үлкен компанияға шаруашылық жүргізуге 15мың га көлеміндежер учаскесі берілген болатын. Қазір шаруашылық жұмыс істеп жатыр. Жерді тиімді пайдаланып, барлық міндеттемелерді, шарттарды орындап, өнімін экспорттап отыр. Әрине, аталған шаруашылыққабарлық бақылаушы органдар тарапынан қатаң бақылау жүргізіліп отыр. Мораторийден кейін енді шетелдіктер мемлекеттен ауыл шаруашылығы жерлерін, саяжай, жеке үй салуға арналған жерлерді де ала алмайды.

-Жеке үй салғанда қандай да бір талаптарды, ережелерді сақтау керек пе?

-Әрине, сәулет, құрылыс нормалары талаптарын, сәулет жобалау ережелерінсақтау керек. Оның бәрі үйдің жобалау құжатында көрсетіледі. Оның үстіне, біздің өңір сейсмикалық қауіпті аймақ саналады. Мәселе, тұрғындардың сол талаптарды сақтамайтынында. Бейберекет, қалай болса солай салады, сосын үйдің пайдалану құжатын ала алмай, өздері де әуреге түседі…

-Енді жаңарған заң талаптары бойынша мемлекет жекеден жайылымдарды кері сатып алмақ. Ол қалай жүзеге асырылады?

-Биыл біз елді мекендердің айналасындағы жайылымдықтардың есебін жүргізіп жатырмыз. Бұл бағдарламаныАуыл шаруашылығы министрлігі бекіткен, бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр. Осы ревизия барысында біз елді мекендегі мал басының санын, сол ауылдың тұрғындарының жайылымдыққа деген қажеттілігін анықтаймыз.Биылғы мамырда Жер кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша жергілікті тұрғындардың жеке аула малының саны жыл сайын өсуіне байланысты жайылым жетіспеушілігін заңмен шешу мақсатында елді мекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма белгіленіп отыр. Алдағы уақытта тұрғындардың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекет мүддесіне жатқызу жолы арқылы мұндай жер телімдерін әкімдіктер қайтарып алмақ.Ол шаралар «Мемлекеттік мүлік туралы»Заңның негізінде жүзеге асырылады. Бұл рейдерлік басып алушылық болмайды, жер иесінесол жердің ақысы төленеді. Қайтарып алу рәсімдері «Мемлекеттік мүлік туралы»Заңның 6-бабында нақты жазылған. Жер пайдаланушы жеке тұлғаға жердің ауыл тұрғындарының жайылымдығы үшінмемлекет иелігіне қайтарып алынатыны туралы алдын-ала хабарландырылады және келісімге үш ай уақыт беріледі, оған жердің ақысы да алдын -ала анықталып, төленеді. Пайдаланушы тұлға ауыл маңындағы жерінмемлекетке қайтарудан бас тартқан жағдайда, олсот арқылы қайтарылып алынады.

Әзірлеген – Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button