Қоғам

Арқар атқандар алысқа бармады

Арқар атқандар алысқа бармады

Рейдтік іс-шара барысында Тарбағатай ауданында арқар атып жүрген үш броконьер құрықталды.
Облыстық аймақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясының инспекторлары мен Тарбағатай аудандық ішкі істер қызметкерлері бірігіп ұйымдастырған рейд барысында Екпін ауылының кіре берісінде УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 50 жасар Екпін аулының тұрғыны отырған. Көлікті тексеру кезінде он алтыншы калибрлі қару және екі қапқа салынған арқардың еті табылған. Аталған дерек бойынша қозғалған істің құжаттары құқық қорғау органдарына жіберілді. Арқарды заңсыз аулау фактісі жыл басынан бері бірінші рет тіркеліп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, арқар Қазақстан бойынша ең сирек кездесетін дала жануарларының бірі. Мөлшермен республикамызда 14 мың 737 ғана арқар мекендейді екен.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button