Қоғам

«Қаракерей Қабанбай» тарихи драмасы сахналанды

«Қаракерей Қабанбай» тарихи драмасы сахналанды

Кеше Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында қазақтың хас батыры Қабанбай Қожақұлұлының өмірі һәм ерліктерінен сыр шертетін «Қаракерей Қабанбай» атты тарихи драма тұңғыш рет сахналанды.
Спектакльдің тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, сондай-ақ, Өскеменнің кіре берісінен орын тепкен Қабанбай батыр ескерткішінің ашылу салтанатына арнайы келген белгілі ақындар Ұлықбек Есдәулет пен Несіпбек Айтұлы, қаламгер Сәдібек Түгел, Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы, жазушы Камал Абдрахман сынды құрметті қонақтар қатысты.
Айта кетейік, бұл қойылым бүгін лентасы қиылатын батыр ескерткішінің ашылу салтанатына орай арнайы сахналанып отыр. Яғни, алты алашқа сауын айтқан баһадүр тойының бастамасы деуге болады.
Тарихи драма авторы – жерлесіміз, ақын, драматург Айбек Сапышев. Қойылымды сахналаған – Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының режиссері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Алма Кәкішева. Бұл спектакль облыстық Жамбыл атындағы драма театр ұжымының еңбегінің жемісі екенін айта кеткен ләзім.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button