Қоғам
Қарағандыдан жеңіспен оралды

Шығысқазақстандық спортшылар Қарағанды қаласында өткен үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Қaрағанды Open» ашық біріншілігінен жүлделі оралды.
Аталмыш жарыс осымен үшінші рет өткізіліп, оған тоғыз өңірдің командалары, 50-ден астам спортшы қатысқанын айтқан жөн. Сондай-ақ турнирге Башқұртстаннан келген теннисшілер де қатысты.
Біздің облыстың атынан сынға түскен үш спортшының үшеуі де жүлделі орындарға ілікті. Атап айтсақ, Алена Кутявина мен Ардақ Нұрмағамбетов облыстар арасындағы сайыста жеңімпаз атанса, Анна Мазаева жекелей сында жүлделі екінші орыннан көрінді. Бұған қоса жұптық сайыста Алена Кутявина мен Анна Мазаева жұбы екінші орын иеленді.
Сәрсен Қабылым