Қоғам

Қара сөздің қайнары, Құнарлы ойдың қамбасы

Достық шарж

Қара сөздің қайнары, Құнарлы ойдың қамбасы

Публицист, журналист, жерлесіміз Қайнар Олжайға

Бір кездері қой бақты,
Қой бақты да ой бақты.
Одан кейін журфактің,
«Қазанында» қайнапты.
Жалт қаратты аузына,
Алты алашты, аймақты.

Қара сөздің қайнары,
Құнарлы ойдың қамбасы.
Елден ерек қойылды,
Газетке қолтаңбасы.
Шерағаңнан үлгі алған,
Мықтылардың жалғасы.
Әлі күнге «сауып» жүр,
«Қазақстан» арнасы.

Әзілін жазған – Мұратхан Кенжеханұлы

Суретін салған – Мерей Қайнаров.

Осы айдарда

Back to top button