Ауыл шаруашылығы

Ара өсіретіндер көбейіп келеді

Табиғаты бай, түрлі өсімдіктер көп өсетін Үржар ауданында омарта шаруашылығын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.

Ара өсіретіндер көбейіп келедіОсы кезге дейін осы табысты кәсіппен өзге ұлт өкілдері көбірек айналысса, кейінгі кезде қандастарымыз да оған бет бұра бастады. Солардың бірі – Көлдең ауылының тұрғыны Ш.Баянов.

– Ол омаратасын күтіп-баптап ұстап әрі ара балын арнайы ыдыстарға құйып сатумен тұрақты айналысуда. Соның арқасында бизнесін кеңейтуде, – дейді осы орайда аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Айгүл Данабекова.

Бір келі ара балының бағасы 1000-1200 теңгені құрайды. Орташа есеппен алғанда бір ұядан жазғы маусымда ауа райы қолайлы болса 40 келі бал алынады. Оның 50 пайызы араны қысқы мерзімде қоректендіруге кетеді, ал қалған 50 пайызы саудаға шығарылады.

Ресми деректер бойынша, қазір ауданда 125 адам омарта шаруашылығымен айналысады. Ал омарта саны 3665 деп саналуда. Оның пайдасы көп екендігіне көзі жеткен жерлестеріміз алдағы уақытта оны тұрақты кәсіпке айналдыру үшін арнайы курстарда оқуды немесе тәжірибелі омарташылардан үйренуді көздеп отыр.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button