Қоғам

Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Қар құрсауында қалғандар құтқарылды


Құтқару қызметінің мамандары бір тәуліктің ішінде бірнеше адамды қар құрсауынан алып шықты. Қатты бораннан өңірдегі кейбір автокөлік жолдары жабылуда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қаңтардың 10-ы күні кешке қарай күн райының бұзылуы себепті «Шар-Бақыршық» бағытындағы тасжол жабылып, барлық көліктер үшін қозғалыс тоқтатылған болатын. Соған қарамастан жолға шығып кеткен жолаушылар қар құрсауында қалып, төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді. Жарма ауданының өрт сөндірушілері мен Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының жедел әрекет етуінің арқасында адамдар қауіпсіз орынға жеткізілді.

Сондай-ақ, құтқарушылар Өскемен-Қалбатау, Абай-Семей, Қарағанды-Боғас тас жолдарының бойында қалып қойған отыздан астам көліктің жолаушыларын қауіпсіз жерлерге жеткізді.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Белағаш-Дмитриевка, Шар-Бақыршық тасжолдары жабық тұр.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button