Қар көшкінінен қалай қорғанамыз?
Қыс мезгілінде қолымыз қалт ете қалса, шаңғы теуіп, шанамен сырғанау үшін тау жаққа бет аламыз. Бұл мезгіл сонысымен де қызық. Дегенмен, қыс қызығын тауда сезінгісі келетін жандар қар көшкіні туралы толық ақпаратты біліп жүргені абзал. Осы ретте, біз сіздерге пайдасы тиер деген ниетпен \”қар көшкінінен қалай қорғанамыз?\” деген сұраққа жауап береміз.
– Қарлы аймаққа шығарда міндетті түрде хабар таратқыш құрылғыларды жаныңызға алып, оны қосып қойғаныңыз абзал.
– Жаныңыздағы серігіңіз көшкін астында қалса, құрылғыны іздеу режиміне қойыңыз. Құрылғы қызметінің радиусы 50 метрге дейін жетеді. Осы аралықта жоғалған серігіңіздің хабарлағышын тапқан уақытта сіздің құрылғыңыз қатты дыбыс беруі мүмкін. Демек, сіздің досыңыз құрылғы бағыттаған маңда.
– Егер аяғыңыздың астынан қозғалған қабатты сезсеңіз, бар күшіңізді жинап, көшкіннің шетіне қарай ұмтылыңыз.
– Көшкін астында қалсаңыз, ең бастысы, тыныс алу мүшелеріңізді қардан сақтаңыз.
Ажар Сағатбекова