ТОП

Ақсуатта «ASSYL ARLAN» турнирі өтеді

Шілденің 20-сы күні Абай облысының Ақсуат ауданында қазақ күресінен «ASSYL ARLAN» атты  республикалық турнир өтеді.

Бозкілемге шығатындардың арасында көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары Ерасыл Қажыбаев, Дәурен Нұралинов, Нұрдәулет Жарылғапов, Мақсат Исағабылов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Мұхтар Дәлелхан, Ерсұлтан Мұзаппаров сияқты балуандар бар.

Турнирде түйе және өгіз балуандар анықталмақ.

– Республикалық турнирде 80-нен астам спортшы бақ сынамақ. Біз бұл турнирге Қазақстанның ең мықты балуандарын жинауды жөн санадық. «Қазақстан барысының» жеңімпаздары мен қазақ күресінен әлем чемпиондарының өнерін тамашалай аласыздар, -дейді ұйымдастырушы Рауан Оқас.

Айта кету керек, «ASSYL ARLAN» республикалық турнирінде түйе палуан атанған балуанға автокөлік сыйға берілмек, ал өгіз балуан атанған спортшы 5 миллион теңгені қанжығасына байлайды.

Дидар ақпарат

Осы айдарда

Back to top button