Ақша аударуға міндеттелмейді

Мұғалімдер бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға міндетті ме? Әлеуметтік желіде бұл мәселе туралы әртүрлі пікірлер айтылуда. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева түсінік берді.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева «Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтар мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар», – деп жазды ол Facebookтегі парақшасында.
Мейрам Екпін