Қоғам

АҚШ-та қаңғыбастар ай сайын 1250 доллар алады

АҚШ-та қатардағы азаматтарды қойып қаңғып жүрген қайыршылардың өзі қамқорлыққа алынған.

Lad Bible ақпарат көзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты қызықты бір жаңалықты жария етті. Интернет порталдың дерегіне қарағанда, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген жастарға ай сайын 1250 доллардан жәрдемақы төлейді екен. Сол үшін қала билігі қазынадан 2,5 миллион доллар қаржы бөліпті. Ондағы мақсат – тағдыр тәлкегіне түскен жандардың жұмыс тауып, білім алып, пәтер жалдап, қатарға қосылуына қол ұшын беру.

Бастапқыда жәрдемақы қырық адамға екі жыл бойы үзбей төленіп отырады. Егер бағдарлама уақыт өте келе нәтижесін берсе, болашақта көмек қаржы алатын жастардың қатары көбейеді.

– Зерттеулер нәтижелері бұл ақшаның тиімсіз жұмсалмайтынын, көпшілік ойлағандай ескірткі қолданатын, жұмыс істегісі келмейтін жастардың көбеюіне ешқандай әсер етпейтінін көрсетті. Керісінше жәрдемақы алушылар қаражатты негізінен білім алуға, жұмысқа тұруға, пәтер жалдауға жұмсайды, – деп түсіндіреді Чикаго университетінің қызметкері Чапин Холл.

Әйгерім Қайратқызы

Суреттер ladbible.com сайтынан алынды 

Осы айдарда

Back to top button