Ақбота сенімді ақтады
Франция жерінде өткен еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында жерлесіміз Ақбота Қанатқызы тамаша өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды.
Байрақты бәсекеде намысты қолдан бермей, қарсыласының түгелдей дерлігін сенімді жеңген, артынша жеңіс тұғырына көтерілген Ақботаның әр жеңісіне сүйсініп, әр қадамын баққан жанкүйерлері бүгінде ыстық ықыластарын білдіруде.
Әрине, «шәкіртсіз ұстаз – тұл» дегендей, үміт артар жастарымыздың артында оларға спорт әліппесін үйреткен талантты жаттықтырушылардың тұрары сөзсіз. Сол сияқты, болашағынан зор үміт күттіретін Ақбота Закисханованың осындай биік белестерді бағындыруына тікелей ықпал еткен жаттықтырушылары Тынысбек Тәуірбеков пен Жұманғали Бакеевқа да үржарлық спортсүйер қауым ерекше алғыс айтуда.
Берікхан Тайжігіт,Үржар ауданы.