Демалыс маусымы кезінде туристік маршруттарды ұйымдастыру, олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету секілді жұмыстарды алдын ала жүргізген маңызды. Осы мәселелер облыстық Кәсіпкерлер палатасында өткен туризм жөніндегі кеңестің отырысында талқыланған болатын.
Айта кетсек, биыл Катонқарағай ұлттық саябағындағы Ақ Берел өзені арқылы өтетін ағаш көпір жауған қар салмағына төтеп бере алмай, қирап қалды. Көпір 1938 жылы салынған. Туристік фирма өкілдерінің айтуынша, ол арқылы Белуха тауының етегіндегі Көккөл базалық лагеріне дейін және кері жаяу өткелдер жүргізілді. Ал жылқы мініп, жүк гидтермен немесе аңшылармен өзен арқылы өтті. Енді көпір құлағаннан кейін тауға жаяу жету мүмкін емес екен.
– Осыдан кейін ғана жобалық-сметалық құжаттама жасау, қаражат бөлу және жөндеу туралы айтуға болады, – деп атап өтті кәсіпкерлер.
Олар Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің өкілдерінен барлық бағыттардың, әсіресе Язовой көлінің маңындағы өткелдің қауіпсіздігін тексеруді сұрап, оны нығайту қажет екенін алға тартты.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Жанболат Тыныбеков қатысушыларды 10 маусымға дейін барлық жол ашық болатынына сендірді. Сондай-ақ соқпақ өткелдерден өту жағынан да көмек көрсетуде бас тартпайтындарын атап өтті.
Одан бөлек, жиында тәртіпті сақтау, қоқысты шығару мәселесі көтерілді. Табиғи парк қызметкерлері қоқыс шығаруға кейде үлгермей қалып жататын көрінеді.
– Экологиялық білім мен тұрақты жұмысқа қарамастан, туристер де табиғатты қорғауға адал қарауы керек, – деді Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің подполковнигі Виктор Филатов туристік агенттіктердің өкілдерінен Ресей тарапымен келісу үшін Белуха тауы бағытында келушілердің тізімін уақтылы ұсынуды сұрады.
- Шекара режимін де, мемлекеттік шекараны да қорғау саласындағы режимдерді бұзбау үшін туристік топтардың қауіпсіздігіне назар аудару керек, – деп атап өтті Виктор Филатов. – Қытай Халық Республикасынан келген туристердің негізгі бағыты – шекаралық аймаққа кіретін Марқакөл көлі бойынша рұқсат алу міндетті емес. Алайда өзімен бірге құжаттарын алып жүруге тиіс. Бірақ егер шекара белдеуіне шығатын болса және оның ұзақтығы айтарлықтай көп болса, онда рұқсаттамалар қажет.
Виктор Филатов билеттерге өтініштерді кем дегенде 10 күн бұрын тапсырған жөн деп хабарлады. Қазір оларды қарау шамамен 3-4 күнге созылады екен.
– Биылдан бастап Белуха тауы бағытында туристік топтарды бақылау үшін қосымша жасақтар қойылады, – деді Виктор Филатов.
Жиында осы мәселені талқылау кезінде тараптар жұмысты жеделдету және жақсарту үшін өтініштер WhatsApp арқылы қабылданады деп келісті. Ал маусымның соңында құжаттардың түпнұсқаларын әкелуге болады.
Сонымен қатар кеңестің отырысында күрделі мәселенің бірі ретінде аймақтағы жолдардың жағдайы көтерілді. Десе де, бұл жағы да назардан тыс қалмаған.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлімжан Дайырбаев атап өткендей, биыл өңірде Жол жылы жарияланған. Соның аясында туристік бағыттарда шамамен 121 шақырым жол жөнделмек екен.