Төтенше жағдай

Апаттың себептері анықталып жатыр

Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайдылығы салдарынан 4 қаңтар күні багер станциясын қайтадан су басып қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім.

«Сол кезде мердігер ұйымдардың үлкен күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, багер станциясындағы барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтіргенбіз. Алайда ЖЭО басшылығының кінәсінан жағдай тағы қайталанды», деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында облыс әкімі Даниал Ахметов.

Багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізіліп, 4 мотопомпа мен 4 суасты сорғысы жұмылдырылды.

Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратынша 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылды.

– Риддер тұрғындарына айтарым, болған жағдай станцияның жұмысына кері әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кестеге сәйкес жүруде. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтап жатыр, – деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button