Қоғам

Анықтаманы қайдан аламын?

–  Өзге өңірлерге балық экспорттау үшін оның қайдан ауланғаны туралы анықтаманы қай мекеме береді? Ол үшін қандай талаптар қойылады?

Асхат, Самар ауданы.

Сіздің сұрағыңызға «Зайсан -Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі  былай деп жауап берді:

– Бүгінгі күні инспекция мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне енгізілген төрт түрлі мемлекеттік қызметті көрсетеді. Атап айтсақ, балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру, балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ  балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру, су тарту құрылыстарына балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу және жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру сияқты қызметтер көрсетеміз.

Аталған барлық мемлекеттік қызмет түрлері «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz «Е-лицензирование» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі.

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру қызметіне тоқталсақ. Аталмыш мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіпте көрсетіледі: қызметті алушы қызмет көрсетушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш береді. Құжаттар түскеннен кейін тіркеліп, қызмет берушінің қарауына жолданады. Жалпы, бұл мемлекеттік қызмет екі жұмыс күні ішінде беріледі.

Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері бір жұмыс күні ішінде оларды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған материалдардың, нысандар, деректер мен мәліметтердің Қағида талаптарына сәйкес келген жағдайда  ауланған балықтың шығу тегі туралы анықтама береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіліп, сонда сақталады.

Осы айдарда

Back to top button