Қоғам

Антына адал жандар

Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасының медициналық қамтамасыз ету тобы сарбаздар денсаулығын нығайтуда. Әскерилерлер түрлі ауруға шалдыққанда бас сұғатын орын – медициналық лазарет.

Ол шекара басқармасы аумағындағы 1904 жылы салынған көне ғимаратта орналасқан. Дәрігерлер тәулік бойы ауырған әскерилерді емдеп, жандарына дауа болады.

Медициналық қамтамасыз ету тобын капитан Арайлым Төртбаева басқаруда. Біліктілігімен, кәсіби шеберлігімен танылған Арайлым Серікқызы – Семей медуниверситетінің түлегі, мамандығы – жалпы практика дәрігері. Еңбек жолын Алакөл ауданындағы орталық ауруханада бастаған. Шекара басқармасында 2018 жылдан қызмет етуде. Семей медуниверситетінің тағы бір түлегі – капитан Г.Хасенова. Ол әскерилер денсаулығын сақтауды ұйымдастыру саласына үлес қосып келеді.

Медициналық лазарет – өздері бір топ, шекара басқармасының ең маңызды бөлімі. Себебі, оларға денсаулық сақтаудан басқа, әскерилерге қойылатын талаптардың бәрі артылған.

Алғашқы медициналық көмек дұрыс көрсетілуі керек, бұл бағытта фельдшерлер – аға сержанттар Қ.Нұғыманов, С.Сүлейменов, сержант С.Шитеміров еңбек етеді. Дәрігер нұсқамасын орындайтын медбике, сержант Ә.Қорықбасованың ептілігі мен білімі, науқасқа деген жылы қабағы, жұбаныш сөзі тезірек сауығуға септеседі. Әсел Маратқызы шекара басқармасының қоғамдық өміріне, түрлі іс-шараларды өткізуге де белсене араласады. Фельдшерлер сарбаздарды әскери ортаға баулып, ақыл-кеңестерін беріп тұрады.

Тіс дәрігері А.Шаймарданованың да еңбегі зор. Медициналық қамтамасыз ету тобының старшинасы Д.Құлжынов бөлімше жұмысын ұйымдастырып, мүліктің ұқыпты сақталуын, дұрыс пайдаланылуын қадағалайды, жөндеу жұмыстарына, тазалыққа жауап береді.

Айнұр Марқабаева,

Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасының қызметкері

Осы айдарда

Back to top button