Қандай лагерьді таңдайсыз?

Жыл бойы мектепте білім мен тәрбиені меңгерген озық ойлы өрендеріміз енді жаз бойы демалып, шынығып, қызықты да мерекелі күндерін лагерьлерде өткізуге дайын. Биыл оқушылардың бос уақытын қызықты да әсерлі ұйымдастыру мақсатында облыс бойынша қала сыртындағы 35 лагерь жұмыс істейді. Оның 26-сы – мемлекеттік, 9-ы – жекеменшік лагерьлер.
«Жігер» жазғы демалыс лагері
Лагерь Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінің маңында, табиғаты ғажап Бұқтырма су қоймасының жағалауында орын тепкен.
Қабылдайтын балалардың жасы – 7-15 жас. Уақыты:
14-21 маусым; 23-30 маусым; 3-10 шілде; 12-19 шілде; 22-29 шілде; 1-8 тамыз; 10-17 тамыз – 7 күн.
Бағасы 7 күнге – 29 800 теңге (бір балаға).
Ойын-сауық бағдарламасы: балалардың жасына сай жасалған арнайы авторлық бағдарламалар. Әр баланың шығармашылық әлеуетін дамыту, талантын ұштауға бағытталған шахмат турнирі, түрлі спорт, туризм, көркем-эстетикалық іс-шаралар. Би кеші. Арнайы дайындықтан өткен үздік тәлімгерлер. Бес рет тамақтандыру. Медициналық қызмет. Балалардың қауіпсіздігі. Бір маусымда 160 бала демалады. Екі қабатты корпустағы бөлмелер төрт, алты, сегіз орындық. Ыстық су, жуынатын бөлмемен қамтылған жайлы үйлер. Байланыс телефоны: 8 (7232) 75-15-71, 8 (7232) 22-58-81 – Деш Елена Николаевна.
«Дарын» жазғы демалыс лагері
Бұл демалыс лагері Глубокое ауданындағы таулы-орманды табиғат аясында, Үлбі өзенінің жағалауындағы Таулы Үлбі кентінің маңында орналасқан. Қабылдайтын уақыты:
13-23 маусым; 27 маусым-7 шілде; 10-20 шілде; 24шілде-3 тамыз; 7-14 тамыз.
Бағасы 10 күнге – 53 000 мың (бір балаға).
Бағасы 7 күнге – 37 100 теңге (бір балаға).
Ойын-сауық бағдарламасы: «Дарын достарын жинайды», «Нұр-Сұлтан – арман қала», «Спорт энергиясы», «Дарын-STAR», «Шекарасыз достық» тақырыптарына арналған спорттық, мәдени арнайы бағдарламалар. Дарынды балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қолдау мен дамытуға қолайлы жағдай жасай отырып, білім мен тәрбиеге негізделген сапалы жазғы демалысын ұйымдастыру. Бассейн. Би кеші. Байланыс телефоны: 70-15-16 – «Дарын» орталығы.
«Үржарайым» сауықтыру лагері
Бұл лагерь Үржар ауданындағы шипалы суымен әйгілі Алакөлдің жағасында орналасқан. Сауықтыру лагері аудан орталығынан 150 шақырым, облыс орталығынан 630 шақырым, Алакөл көлінің жағалауынан 75 метр жерде тұр. Балаларды қабылдайтын уақыты:
10-16 маусым; 18-24 маусым; 26 маусым-2 шілде; 4-10 шілде; 12-18 шілде; 20-26 шілде; 28 шілде-3 тамыз; 5-11 тамыз -7 күн.
Жолдаманың бағасы – 30 000 теңге (бір балаға), Үржар ауданының балалары үшін 16 000 теңге.
Ойын-сауық бағдарламасы: ағылшын тілін тереңдете оқыту, спорт, туризм, экология бағытындағы түрлі мәдени іс-шаралар, жүзу нұсқаушының көмегімен көлге шомылу, қолөнер, балаларды еңбекқорлыққа баулитын «Еңбек десанты» жобасы. Бес уақыт тамақ. Қос қабатты 21 корпус. Бір үйде 24 баладан орналасады. Жуынатын бөлмесі, санитарлық торабы, кондиционері бар. Қауіпсіздік қызметімен қамтылған. Байланыс телефоны: 87782685561 – Жанат Рақымұлы.

«Зоя» жазғы сауықтыру лагері
Бұл демалыс лагері Глубокое ауданындағы Таулы Үлбі кентінің маңында, Үлбі өзенінің жағалауында орналасқан.
Қабылдайтын балалардың жасы: 6-15 жас. Уақыты:
18-29 маусым; 2-15 шілде; 18-31 шілде; 3-14 тамыз – 12 күн.
Бағасы – 68 000 теңге (бір балаға).
Бағдарламасы: «Көшбасшылар уақыты!» тақырыптық авторлық бағдарламасы, жас ерекшеліктеріне сай спорттық, мәдени шаралар, кәсіби дамыту студияларының жұмысы, шығармашыл балаларға өзінің алғашқы фильмін түсіруге, қаламыздың тарихын зерттеуге, музыка мен бидің түрлі стильдерін меңгеруге, сән әлеміне бойлауға мүмкіндік беріледі, «Лазертаг» әскери-стратегиялық ойыны, гаджетсіз демалыс. Іс-шаралар барысында балалар командамен жұмыс істеуді үйренеді. Бассейн. Би кеші. Байланыс телефоны: 49-20-42 – Осипов Евгений Владимирович, «Казцинк» ЖШС.
«Риддер қаласындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» базасындағы балалар лагері
Қабылдайтын балалардың жасы: 6-16 жас. Уақыты:
23 маусым-3 шілде; 5-15 шілде; 17-27 шілде; 31 шілде-5 тамыз.
Жолдаманың бағасы 10 күнге – 60 000 теңге (бір балаға).
Ойын-сауық бағдарламасы: педагогикалық топ әзірлеген «Persona Camp» және «Қағаз қала» тақырыбындағы авторлық бағдарламалар, «Лазертаг» әскери-стратегиялық ойыны, «Орленок» тәрбие жүйесіне сәйкес жұмыстар, түрлі ойындар мен мәдени іс-шаралар, аңыздар желісіне негізделген қойылымдар, шығармашылық студиялар, этносаяхаттар, зияткерлік, мотивациялық ойындар, кешкі алау, таңды қарсы алу, hand-made студиясы, заманауи үстел ойындары. Байланыс телефоны: 8 (72336) 30666 – Кнауб Владимир Владимирович.
«Берел қорғандары» жазғы лагері
Бұл лагерь тамылжыған табиғатымен тамсандырған әйгілі Катонқарағай ауданында орналасқан. Қабылдайтын уақыты:
11-14 маусым; 18-21 маусым; 9-12 шілде; 16-19 шілде; 23-26 шілде; 6-9 тамыз.
Жолдаманың бағасы – 8 800 теңге (бір балаға).
Бағдарламасы: эко-туризм бағытындағы лагерьде балалар Катонқарағай ауылындағы тарихи ескерткіштерге, Қабырға ауылындағы «Петроглифтер» бағыты бойынша, «Баян» пантымен емдеу орнына, Берел қорғандарына, аспан асты мұражайына саяхат жасайды. Көңілді тапқырлар клубы, шағын футбол, шахмат, ролик, велосипед, скаладром сияқты белсенді демалыс та ұйымдастырылған.
Сонымен қатар биыл Катонқарағай ауданында «Арайлы шығыс» демалыс лагері ашылды. Қабылдау уақыты: 3.06-13.06; 17.06-27.06; 01.07-10.07; 15.07-25.07; 29.07-09.08; 12.08-22.08 – 10 күн. Бағасы – 52 000 теңге. Байланыс телефоны: 87054997506 – Ғалымжан Әліпбекұлы.
Аталған демалыс орындарымен қатар Өскемендегі «Күншуақты жаз», «Экобиоорталық», Жарма ауданындағы «Мейірім», Глубокое ауданындағы «Толағай», Бородулиха ауданындағы «Солнечный», «Түрксиб 50 жыл», «Синегорье», Зайсан ауданындағы «Сайхан», Курчатов қаласындағы «Берег», Ұлан ауданының «Аюда» шығанағындағы «Алые паруса», «Болашақ», Бесқарағай ауданындағы «Жас қанат», «Радуга», Көкпекті ауданындағы «Балауса», Тарбағатай ауданындағы «Сеңгір», Зырян ауданындағы «Жемчужина», Күршім ауданындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерьлері балақайлардың алаңсыз демалысы үшін қызмет көрсетеді. Оқуда озат балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, инклюзивті білім алатын ерекше қажеттілігі бар балалар және әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балаларына лагерьде демалуға арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Айжанат БАҚЫТҚЫЗЫ