Аналар күнін атап өтті
Облыстық Достық үйінде армян этномәдени бірлестігінің өкілдері Аналар мейрамын атап өтті. Сәуір айында Арменияда Аналар күні мерекеленеді, барлығы аналарын, әжелерін құттықтап, сыйлықтар тарту етеді, өз өнерлерін көрсетеді.
Іс-шарада бірлестік атынан мерекелік бағдарлама ұсынылды. Жиналған қонақтар аналарға арнаған сәбилердің жылы лебізін тыңдады. Барлық әйелдер қауымына гүл шоқтары табысталды.
– Осы концертті ұйымдастыруға атсалысқан барша адамдарға алғысымыз шексіз. Кеш керемет әсерлі шықты. Барлық қыз-келіншектерді, аналарымызды мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз! Ортақ Отанымыз – Қазақ елінде осылайша барша ұлттармен бірге тату-тәтті күн кеше берейік! – деді армян этномәдени орталығының өкілі Сона Саакян.
Берік Сәрсеков, Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті