8 наурыз

Анаға хат

Сағыныш сазы

(Шартты сурет)

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жазасын өтеп жатқандар аналарына хат жазды.

«Мамам менің, сен түсіме жиі кіресің! Бәлкім, осылайша әлі де мені аялап, менің өмірім мен денсаулығымды қорғап жүрген боларсың», деп жазған екен Жарма ауданындағы ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеп отырған адамдардың бірі.

– Мына жолдар жанымызды тебірентпей қоймады. Жалпы, осындай байқаулар жаза басқандардың түзелуі мен тәрбиелену деңгейіне баға беріп, олардың жеке басындағы оң өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді, – дейді аға инспектор-психолог В.Тоқтыбаева.

Ол тағы бір адамның хатынан үзінді оқыды: «О, аяулы да ардақты анашым! Сенің мейірімің мен жан жылуыңда шек жоқ! Жаратушы бұйыртып, бостандыққа шығып, тағы да сені бір құшақтасам, тағы да кеудеңе басымды төсесем ғой, шіркін!».

– Сайыс жеңімпаздары марапатталып, жеңілдіктерге ұсынылды. Осылайша, олардың анасымен қауышар сәті әлдеқайда жақындай түспек, – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Сыдықов.

Тасқын Болатұлы

Back to top button