Қоғам

Ана мен бала өлімі азаймай тұр

Ана мен бала өлімі азаймай тұр


Биыл облыста ана мен бала өлімінің деңгейі өткен жылғыдан жоғары болып тұр.Тіпті республикалық орташа межеден де асып кеткен.

Ресми дерекке жүгінсек, 2017 жылы өңірде төрт ана өліміне әкеліп соққан төрт жағдай орын алса, ағымдағы жыл басынан бері екі жағдай тіркелген.
Мұндай ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова «Нұр Отан» партиясының «Денсаулық сақтау» бағдарламасы бойынша партиялық кураторлық комиссиясының отырысында жария етті.

Былтыр 100 мың әйелге шаққанда ана өлімінің көрсеткіші 18,4-ті құраған, ал республикалық деңгей – 12,0. Қайғылы жағдайлардың біреуі Ұлан ауданында, Өскеменде және екеуі Семейде болған. Маманныңайтуынша, өлімнің себептері жұқпалы қабыну ауруы, тамырлардың патологиясы, акушерлік қан кету мен төртіншісі жүктілікке қатысы жоқ аневризма, бас ми тамырының жарылуы екені анықталған.

-Әрине, бұл қайғылы жағдайлардың кейбірінің алдын алуға болатыны да анықталды. Әр жағдайға қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп, кінәлілер тәртіптік жауапқа тартылды, – деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Отырыста облыс бойынша бала өлімі де республикалық деңгейден жоғары екені айтылды,былтыр облыста бала өлімінің деңгейі 100 мың сәбиге шаққанда 7,3 болса, 2016 жылы бұдан да көп болған – 9,1. Республикалық деңгей – 8,6.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button