Қоғам

Аң атсаң, айыппұл арқалайсың

Тарбағатай  тауының бөктері аң мен құсқа, емдік шөптерге өте бай. Оның ішінде әлемде сирек кездесетін “Қызыл кітапқа” енген түрлері қаншама?! Табиғаттың осынау байлығы жылдар өткен сайын азайып, тіпті  кейбір түрлерінің қай өлкеде болмасын құрып бара жатқаны да баршамызға мәлім.Оған себеп адамдардың табиғатқа тигізетін залалы мен аяушылық көзқарастың азайып кеткені білдіреді.

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылу мақсаты осындай жағдайларды алдын-алып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы флора мен фаунаны қорғап, орманды-далалы алқаптарды өрттен сақтау және заңсыз аң аулау заң бұзушылықты жою жолында өз жұмыстарын белсенді атқаруда.

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін заңсыз аулау заңмен қудаланады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз ауланған жабайы аң-құсқа  келтірген залалды өтеу мөлшерін атап өтсем: арқарды атқаны үшін 1500 айлық есептік көрсеткіш, борсық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш, жабайы шошқа үшін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болса, дуадақ үшін 700 айлық есептік көрсеткіш, ителгі үшін 800 айлық есептік көрсеткіш, бүркіт үшін 400 айлық есептік көрсеткіш, елік үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынады.

Одан бөлек қоян,  түлкі, қаракүзен, сілеусін, шіл, үйрек, суыр, сасықкүзен, құр, қаз, кекілік, қарсақ, көктырна сияқты аң мен құсты рұқсатсыз атуда заңмен қудаланады.

Бүгінде заңсыз аң аулауды  жою мақсатында Ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелеріне  мемлекеттік инспекторлар бекітілген. Мемлекеттік инспекторлар өздеріне қарасты аумақтарға  күнделікті бақылау жұмыстарын жүргізуде. Қатаң күшейтілген рейдтік іс-шаралар демалыс немесе мереке күндері үздіксіз, аусымсыз жүзеге асуда.

Кәсібін заңсыз заң аулауға иайналдырып немесе қызық қуған аңшыларға жаза тек айыппұлмен салумен ғана шектеліп қоймай, әкімшілік  жазаға да тартылатынын айта кеткім келеді. Сондықтан “тек жүрсең- тоқ жүресің”-дегендей, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа қоршаған орта байлығын мұра ретінде қалдыруға ат салысайық. Заң аң аулау фактілерін мен заң бұзушылықтарға жол бермей, оның алдын алайық!

“Тарбағатай” ұлттық паркінің орман шебері-Аукенов Абзал

Осы айдарда

Back to top button