Қоғам

«Қамқорлық» айлығы жарияланды

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай «Қамқорлық» айлығы жарияланды.

«Қамқорлық» айлығы жарияландыЖалпы, бұл айлықтың мақсаты – ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жан-жақты қолдау көрсету, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Айлық аясында ардагерлердің отбасылық жағдайлары зерделеніп, оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетілмек.

Атап айтқанда, жергілікті әкімдіктер, кәсіпкерлер, мекемелер мен ұйымдардың қатысуымен әрбір қарияға қаржылай көмек беріліп, тұрмыс жағдайын жақсарта түсу үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жастардың, студенттердің, мектеп оқушыларының көмегімен ардагерлердің үйлерінің маңайын тазалап, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Соғыс ардагерлері мен мүгедектерін кешенді медициналық тексеруден өткізіп, тиісті емдеу жұмыстары жалғасын табады. Денсаулық жағдайына байланысты емдеу-сауықтыру орындарына жолдамалар беріледі.

«Қамқорлық» айлығының аясында барлық қалалар мен аудандарда, мекемелер мен ұйымдарда, оқу орындарында «Ардагерлер – мақтанышымыз!», «Ұлы Жеңісті ұлықтаған ұрпақтармыз!», «Ардагерлерді аялайық!», «Ұлы Жеңіс – аға ұрпақ ерлігі», «Қариялы ел – қазыналы ел», «Жеңімпаздарға тағзым!», «Ардақты ардагерлерге бас иіп, тағзым етеміз», «Ұлы Жеңіс – ұлтқа рух, ұрпаққа мирас» деген тақырыптарда салтанатты жиындар, кездесулер, концерттік бағдарламалар, еске алу кештері ұйымдастырылады.

«Жан жылуы – ардагерлерге!» деген ұранмен өтетін айлық барысында облыстағы бірде-бір ардагер назардан тыс қалмайды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button