Қоғам

Аманжолов университетінің «Абайтану» институты іргелі зерттеулер жүргізіп отыр

Халық алдындағы есебі барысында өңір басшысы Даниал Ахметов С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың абайтану жөніндегі бағдарламасын айырықша атап өтті.

Облыс әкімі Абайдың 175 жылдығына орай өңірде өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқтала келе, Шығыс Қазақстан университеті жанында “Абайтану” ғылыми-зерттеу институты құрылғанын айтты.

– Университеттің абайтанушы ғалымдары көп жылдар бойы Абай шығармаларын зерттеп келеді, абайтану бойынша көптеген әдістемелік әдебиеттер шығарылды. “Абайтану” ғылыми-зерттеу институтының құрылуы осы жұмыстың қисынды жалғасы болды, – дейді бұл туралы С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген.

DIDAR ақпарат

Осы айдарда

Back to top button