Қоғам

Алтынайдай белсенді жас көп болса…

Өңіріміздегі жастар ресурстық орталығы жанындағы «Үржар белсенділері» тобының жетекшісі, аудан орталығындағы Жансүгіров атындағы орта мектептің тәлімгері Алтынай Құрманова өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстық «Жомарт жүрек» байқауының «Ерен еріктілер» номинациясы бойынша марапатталды.

«Үржар белсенділері» клубы қиналғандарға демеу болып, көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға, соғыс, тыл ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Яғни, олардың қарын күреп, отынын жарып, үйлерін тазалап, бақшаларын салып, көмек қолын созуда.

Сонымен қатар «Жақсылық жаса» акциясы шеңберінде осы еріктілер аудандағы демеушілер көмегімен көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған бес отбасыға бірінші кезектегі азық-түлік тауарларын жеткізіп отырды.

Осы белсенділер көмегімен қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, жиналған 150 мың теңгесозылмалы бүйрек жеткіліксіздігі дертіне шалдыққанЕркебұлан Қасқабаевтың еміне жұмсалды. Сондай-ақ осы жастар бастамасымен Бестерек ауылындағы М.Хасенов атындағы мектеп-интернаттағы балаларға арналған қайырымдылық акциясында 50 мың теңге жинап, жасөспірімдерге жанажылдық сыйлықтар алынды. Науалы балалар үйінде «Тәтті күлкі» акциясын ұйымдастырып, жеткіншектерге концерт беріп, өз қолдарымен дайындаған тәттілерін сыйға тартты.

«Үржар белсенділері» жақсылық жасауды жандарына серік етіп, өткен Жастар жылын табысты аяқтады.

Биылғы Еріктілер жылында да өңіріміздің жастары Алтынай Серікқанқызының жетекшілігімен айтарлықтай іс-шаралар ұйымдастырып, жемісті қызмет етеріне сенеміз.

Жас ұрпақ бойында күрескерлік күш-қайратты қалыптастырып, олардың белсенді өмір сүруіне бейімдеп жүргенАлтынайдай азатшалардың көп болуына тілектеспіз.

 Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button