Қаржы

ШҚО-да алты борышкердің өтінімі сотта қаралды

Биылғы жылдың наурызынан бастап елімізде банктерге, микрокредиттік ұйымдарға несиелік берешегі бар жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтінімдер қабылданып жатыр.

Заңға сәйкес банкрот деп тану сот арқылы және соттан тыс жүргізілуде, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыста биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында өзін сот арқылы банкрот деп тануға 30 адам өтініш берген.

-Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша сотқа 30 өтінім келіп түсті, соның 22 -сі кері қайтарылды. Барлығы 6 өтінім қаралды, 4-і бойынша шағым түсірілді, қазір ол істер аппеляциялық кезеңде, аяғына дейін қаралып біткен жоқ. Заң салыстырмалы түрде құқық қолдану тәжірибесіне енді ғана енгізіліп отыр, сол себепті жекелеген жағдайларда күрделі тұстар бар. Соның ішінде, банкроттық бойынша бірнеше адамның ортақ, бірлескен жауапкершілігінің болуы, тағы да басқа жайттар. Бірақ, толықтай алғанда заң жұмыс істеп жатыр, азаматтарымыздың құқығын қорғауда, – деді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button