
Алтай ауданында көктемгі су тасқынына қарсы өзен-көлдердің жағалауларын бекіту жұмыстары басталып кетті.
Жыл сайын көктемгі уақытта өзен-көлдері елді мекендерге қауіп төндіретін Алтай ауданында биыл су тасқынына қарсы шаралар ерте басталып кетті. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылы Березовка, Поганка, Хамир өзендерінің жағалаулары мен Богатырев ауданындағы дамбы беріктендірілді. Сондай-ақ Березовка өзенінің Соловьево ауылының тұсындағы арнасы түзетіліп, тереңдетілді. Бұдан бөлек, «Алтай-Подорленок» автожолының бойындағы су жіберуші құрылыстар жөнделіп, Зубовка тауында қар көшкініне қарсы тосқауылдар қойылған.
«Жағдайды өз бақылауына алған аудан басшысы Қалиқан Байғонысов күн сайын ауыл әкімдерінің есептерін тыңдап, қауіпті учаскелердің су басуын болдырмау жөнінде тапсырмалар береді. Ескі қаладағы каналға ерекше назар аударылған. Гастелло көшесінің маңындағы көпірдің екі жағын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді», – делінген аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Азамат Темірбеков