
Алтай ауданында «Pfizer» вакцинасымен вакцинациялау жұмыстары басталды.
Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланған. Бұл препаратпен 12 жастағы балалар жүкті және бала емізетін аналар егіледі. Ауданы әкімінің орынбасары Жанна Аскарова коронавирустық инфекция бойынша өткен селекторда ауданда «Pfizer» препаратының қанша екені және ауданның білім беру ошақтарындағы вакцинация науқанының басталуы туралы аудан әкіміне есеп берді.
– Бүгінде әрбір ата-ана ең бастысы – балаларды короновирустық инфекциядан қорғау туралы ойлануы тиіс. Балалардың денсаулығы-жас және болашақ ұрпақ өмірінің кепілі. Ресми БАҚ көздерінде COVID-19 дертіне қарсы осы препарат туралы ақпарат жеткілікті, сонымен қатар денсаулық сақтау мамандары ата-аналар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонұсов.
Қоластындағыларға түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған ол, барлық қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне осы жұмысты өз елді мекендерінде қажетті деңгейде ұйымдастырып, толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап беруді баса айтты.