Мерей

«Алтайдың» волейболшыларын құттықтады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Алтай» клубының волейболшыларымен кездесіп, оларды ел чемпионатындағы кезекті жетінші жеңісімен құттықтады, алдағы Азия чемпионатында да биік тұғырдан көрінулерін тіледі.

Біздің спортшылар тағы бір мәрте алға қойған мақсаттарына жетіп, командалық рух пен көшбасшылық қасиеттің жарқын үлгісін танытты. Қарсыластар да осал болмады. Спортшыларымыз алдағы уақытта Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына қатысады, онда Қытайдың, Таиландтың және басқа да елдердің мықты командаларымен кездеседі.

– Облыс тұрғындары «Алтай» клубын мақтан тұтып, жанкүйер болуда. Жеңістері мен жетістіктеріне қарап, көптеген жастар волейболмен айналысуда, бұл қуантады. Біз клубтың өзге де чемпионаттарға қатысу мүмкіндігін қарастырамыз, олар Шығыс Қазақстан – спорт майталмандарының отаны екенін лайықты түрде дәлелдей алады. Өңірдің спорттық даңқын жалғап келе жатқан валейбол клубы әлі талай мәрте жеңімпаз боларына сенеміз, – деді облыс әкімі.

Облыста бұқаралық спортты, оның ішінде балалар спортын дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Денешынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары салынуда. Спортшылар үшін заманауи медициналық база бар.

 Ержан Кеңесұлы

Back to top button