Қоғам

«Алтайдың» арулары ақтық сынға шықты

«Алтайдың» арулары ақтық сынға шықты

Иә, біздің қыздар үлкен ерлік жасады. Волейболдан ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық ойындар сериясында жерлестеріміз жеңісті жұлып алды.
Жартылай финалдық серияда өскемендік ұжым Павлодардың «Ертіс-Қазхром» командасымен ойнады. Алғашқы матчта қарсыласына есе жіберіп алған жерлестерімізге екінші ойында таразы басын теңестіріп, шешуші сетте шеберліктерін көрсетуі керек еді. Дәл солай болды. Жалпы есепте тең түскен қос команда шешуші – үшінші ойында барын салды. Қонақтар да қарап қалған жоқ, жеңісті қолдан бермеуге тырысты.
Бір қызығы, еліміздің әйелдер волейболы тарихында бұрын-соңды «алтын сет», яғни жеңімпазды анықтайтын үшінші сет ойнатылмаған-ды. Жартылай финалдық серияның жауапты ойынына тас-түйін шыққан өскемендік қыздар жергілікті жанкүйерлердің қолдау-қошеметінің арқасында азулы қарсыласын 15:12 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.
Финалда «Алтайдың» арулары Талдықорғанның намысын қорғайтын «Жетісу» бұрымдыларымен ойнайды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button