СпортТОП

«Алтай» волейболшыларының жалақасы қанша?

Тарих қойнауына енген 2020 жылы «Алтай» волейбол клубының қажеттіліктеріне 1 122 362 000 теңге жұмсалған. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап vksport.kz сайты хабарлайды.

Белгілі болғандай, аталмыш қаражаттың негізгі бөлігі клуб волейболшыларының жалақысына  бағытталған екен.

Еске салайық, бүгінде клуб құрамында алты бірдей команда бар. Оның екеуі ерлер, қалған төртеуі қыздар ұжымы. Барлығы 100 жуық спортшы. Дерек көзі хабарлағандай, былтыр осы спортшылардың жалақыларына 772 914 000 теңге жұмсалыпты. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, 2019 жылы бұл көрсеткіш 753 300 000 теңгені құраған.

«Бұл дегеніміз айына әр волейболшыға шамамен 644 мың теңгеден төленіп отырған» делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2020 жылы клуб мүшелерінің іссапарларына 101,343 миллион теңге жұмсалғаны да белгілі болды. Бұл сомаға 150 миллион 393 мың теңге мөлшеріндегі қосымша құн салығын қосыңыз. Бір қызығы, басқарма ұсынған құжатта «негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу» және «балалар волейболын дамыту» пунктеріне қатысты ешқандай шығын болмаған деп көрсетіліпті.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button