ҚоғамТОП

Алтай қаласының оқушылары мектепте ұлттық нақыштағы киім киеді

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ.

Осы орайда “Алтай қаласының №9 орта мектебі” КММ бастауыш сынып оқушылары биылғы оқу жылында мектеп формасына ұлттық нақыштағы киім үлгілерін қосуды дәстүрге айналдырып отыр, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Ата-аналардың демеушілігімен  1-4 сынып оқушыларына ұлттығымызды ұлықтайтын киім үлгілері тігіліп,

оқушылар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында оқу орнында арнайы іс- шаралар, тәрбиелік сағаттар,ашық сабақтар, жарыстар өткізудің арқасында ұлттық нақыштағы киімдеріміз мен әшекейлерімізді заманауи талғамға сай үйлестіре отырып,  оқушыларымыз ұлттық құндылықтарымыздың мәнін түсіне бастағандай. Балаларға қазақи нақыштағы киімдер кигізіп, елдігімізді дәріптеуде, патриотизмге баулып, білімді де салихалы, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде бұл бастаманың рөлі салмақты екендігі даусыз.

Осы айдарда

Back to top button