Қоғам

\”Алтай Invest-2016\” халықаралық инвестициялық форумы өтеді

"Алтай Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумы өтеді


2016 жылғы 20-21 қазан күндері Өскеменде «Алтай Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтеді.
Форумның мақсаты – өңірге инвестиция тарту, Шығыс Қазақстанның брендін әлемге таныту және әлеуетті инвесторларды облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Форум аясында халықаралық деңгейдегі спикерлер және модераторлар жүргізетін өзекті мәселелер бойынша роуд-шоу, инвестициялық жобалар көрмесі, кездесулер ұйымдастырылады.

Форумда 927 млрд. теңгені құрайтын (2,8 млрд. доллар) 84 жоба таныстырылады, олардың қатарында агроөндіріс, кәсіпкерлік, энергетика, туризм, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік салаларына қатысты жобалар бар.

Халықаралық іс-шараға дипломатиялық миссия басшылары, Қазақстанның және шетелдің қаржы институттарының өкілдері, шетелдік инвесторлар, ұлттық компаниялар және облыстағы кәсіпорындардың басшылары, әлемнің 11 елінен бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері қатысады. Жалпы форумға 500-ден астам делегаттар келеді деп күтілуде.

«Алтай Invest-2016» – бұл өңірдің инвестициялық даму мәселелері жайындағы билік пен бизнес-қауымдастықтың пайдалы сұхбатына арналған бірегей алаң.
Форумға қатысушылар өз жобаларын әлеуетті инвесторларға таныстыру, жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау, менеджмент бойынша білімдерін жетілдіріп, ресурстарды тиімді пайдалану және бизнеске инвестиция тарту, сондай-ақ, форум аясында өтетін қосымша іс-шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ақпараттық орталық

Осы айдарда

Back to top button