Қоғам

Алпыс тоғыз келі торт әзірледі

Алпыс тоғыз келі торт әзірледі

Риддер шаһарында Жеңіс мерекесін тойлау Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың стелласына гүл шоқтарын қойып, бақилық болған бабалар рухына тағзым етуден басталды.
Ары қарай салтанатты шара соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап қала кәсіпкерлері жайған мол дастарқанда жалғасын тапты. Құрметті қарияларымыз жайғасқан мерекелік дастарқан басына Ұлы Жеңістің 69 жылдығына сәйкестендіріп, салмағы 69 келі тартатын торт әкеліп, тәтті астан барлығы дәм татты.
Шығармашыл ұжымдар мен өнерпаздардың тарту еткен концерттік бағдарлама, оның ішінде патриоттық рух сыйлайтын Отан, бейбітшілік, ынтымақ тақырыптарында шырқалған тамаша әндер ардагерлеріміздің зор қошеметіне бөленді. Өз кезегінде қан майданды көзімен көрген қарттарымыз сол бір нәубет жылдарды еске ала отырып жастарға тағылымды әңгімелерін айтты.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button