ТОП

Алпыс литр бояу жұмсалды. Жуықта Семейде жаңа мурал пайда болады

Биыл Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл. Осыған орай Семейдегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде ғалымның құрметіне мурал пайда болады. Қабырғаға суретті алматылық шебер Александр Романов салып жатыр. Мурал акрил бояуымен жасалған және жуық арада лакпен қапталады. «Алаш» лидері бейнеленген қабырға көлеңкелі тұста орналасқандықтан картина 10 жылдан астам уақыт қала жұртын қуантады деп жоспарлануда.

Биыл ребрендинг бойынша жұмыс жасайтын Семейдегі жоғарғы оқу орындарының біріне Әлихан Бөкейхановтың аты беріледі. Сол себепті мекеме басшылығы қаладағы көпқабатты үйлердің бірін таңдап, қабырғаға Бөкейхановтың муралын салу туралы идея ұсынды. Муралды 8 жылдық өтілі бар суретші дайындайды. Ол еліміздің ірі қалаларында, атап өтсек, Алматыда, Қостанайда жұмыс істеген. Мурал бір-екі күн ішінде аяқталады. Университет басшылығы болашақта муралды жаңарта алады. Туындының бюджеті 3,5 миллион теңге. Жоғарғы оқу орны атынан үй маңына LED-лампалар орнаттық және аумақты аббаттандыру жұмыстарын жүргізудеміз, – деді «Erudit Group» білім беру орталығының атқарушы директоры Мақсат Жәнібек.
Алпыс литр бояу жұмсалған туындының аяқталар уақыты да алыс емес. Жауапты мамандар ашылу салтанатын келесі аптаға жоспарлап отыр.

 

Флора Левина

Осы айдарда

Back to top button