ТОП

Алпыс бала сыйлық алды

Дәурен Аллабергенұлы

Облыс орталығындағы №45 орта бейіндік мектептің 60 бастауыш сынып оқушысы Amanzholov University атынан жаңажылдық сыйлықтар алды.

Білім ордасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасы негізінде IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының қолдауы нәтижесінде алпыс кішкентай өскемендік тұрғынға жаңа жыл алдында осындай тамаша тарту жасалып отыр.
– Біз студенттермен бірге балаларды құттықтап, шағын мереке ұйымдастырдық. Бұл біз үшін өте маңызды, өйткені біздің университет кәсіптік бағдар беру жұмысы мен ЖОО-ның әлеуметтік бағдарламасы аясында әрдайым әлеуметтік қолдау көрсетеді, – деді С.Аманжолов атындағы ШҚУ IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы Салтанат Әдиқанова.
Оның айтуынша, университет үшін балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау аса маңызды. Сондай-ақ балаларға университеттен жасалған тағы бір тосынсый – ЖОО білім алушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасы болды. Кішкентай көрермендерді студенттер әсем де жарқын билерімен және вокалдық нөмірлермен қуанышқа кенелтті.
– Бүгінгі жаңажылдық іс-шара біздің мектеп пен балаларымызға үлкен қуаныш сыйлады. Оларға жаңажылдық керемет көңіл-күй сыйлау – өте лайықты әрекет. Сол үшін Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлегенге алғысымды білдіремін. Біз оқушыларымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеміз және олардың ақылды әрі жақсы тұлға болып қалыптасуы жолында қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз, – деді №45 орта бейіндік мектептің директоры Әлия Серікбаева.

Осы айдарда

Back to top button