Руханият

Алматыға алты оқушы барады

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыстық білім басқармасының «Дарын» орталығы 9-11-сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен II республикалық Абай олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Өскемендегі Қазақстан-Американдық Еркін университетінің базасында өткен білім сайысына өңіріміздің аудандары мен қалаларындағы іріктеу айналымынан өткен 120-ға жуық дарынды оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар эссе жазу және ауызша тапсырмалар орындау бойынша бақ сынады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Абай ауданы Шәкәрім атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Кәріпбаева, Алтай қаласы №9  орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансұлу Әмірбекова, Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айдана Төлегенова, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Аружан Құмарбекова, Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 11-сынып оқушысы Жанел Оралханова, Зайсан ауданы Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Дина Ұшқынқызы марапатталды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен  жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Білім сайысының  жеңімпаздары қаңтар айында Алматы қаласында өтетін II республикалық Абай олимпиадасына жолдама алды.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button