Қоғам

Алмас Оңдақанов –Курчатов қаласының әкімі

Алмас Оңдақанов –Курчатов қаласының әкімі


Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢ өкімімен бұрын облыс әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Алмас Оңдақанов Курчатов қаласының әкімі болып тағайындалды.

Алмас Оңдақанов 1974 жылдың 30 қарашасында дүниеге келген. 1995 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты мен әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор, экономист ретінде бастаған. Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған соң, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі антидемпингтік бақылау комитетінің бас маманы болып тағайындалды. Содан соң Курчатов қаласында аппарат басшысы, Шығыс Қазақстан облысы техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының басшысы, Қазақстан метрология институтының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, содан соң басқарма басшысы қызметінде болды. 2013-2016 жылдары Зайсан ауданын басқарды. 2016 жылдың маусымынан Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button