Қоғам
Алимент төлемей жүргендер көп
Облыста жыл басынан баласына алимент төлемей жүрген 100-ден астам адам анықталды.
Мәселен, Өскеменде ер адам 14 жастағы қызына 4,3 миллион теңге қарыз болған. Ол 2021 жылдың ақпанынан бері ақша аудармай келген. Іздеу барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген адам табылды. Енді қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысады.