Алғысымыз шексіз
Құрметті Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр тәрбиеленушінің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлыққа алынған әр баланың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну – сауабы мол іс. Менің қызым Анель осы аталған мекемеде 2014 жылдан бері «Жас өркен» тобында қызмет алуда. Осы орталыққа келгелі қызымның өмірге деген көзқарасы өзгеріп, оқу-білімді үйренуге деген құлшынысы артты.
Осы орталық біраз жыл ішінде гүлденіп, ауданымыздағы маңызды мекемелердің біріне айналып отыр. Сіздердің еңбектеріңізге деген адалдықтарыңыз, балаға деген мейірімділік пен сүйіспеншіліктеріңіз көптеген азаматқа үлгі. Келешекте мекеме ғимаратына жапсарлас құрылысты бастап, балаларға қолайлы ғимарат жасалса, ата-аналар қауымы бұл бастаманы түгел қолдайтынын айтқым келеді. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі абыройлы істеріңізге шексіз алғысымды ата-ана ретінде білдіргім келеді. Сіздерге мың алғыс!
Шынар Сейсекенова, ата-ана