Қоғам

Алғашқы қоңырау. Ата-ананың біреуі ғана баруы тиіс

Өңір мектептерінде жаңа оқу жылы карантиндік талап қатаң сақталады. Өйткені биыл дәстүрлі штаттық форматта оқу басталады. Ал алғашқы қоңырау қалай өтеді? Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова айтып берді.

Алғашқы қоңырау «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында ұйымдастырылады, бірінші сынып оқушыларына “Әліппе” алғашқы оқулығы табысталады.

Іс-шарада бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының біреуінің қатысуына ғана рұқсат берілген. 1 қыркүйекте 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздіктің жетістіктері” тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Осы айдарда

Back to top button