Қоғам

Алексей Эстонияда топ жарды

Алексей Эстонияда топ жарды


Риддерлік шаңғышы Алексей Полторанин Эстонияның Альбу қаласында аяқталған FIS жарысында көзге түсті. 10 шақырымдық қашықтықты классикалық әдіспен жүгіру сайысына қатысқан жерлесіміз жарыс жеңімпазы атанды.

Отандасымыз мәре сызығын екінші және үшінші болып кескен эстондық Райдо Ранкель мен Андреас Веерпалудан сәйкесінше 23,0 және 35,7 секундқа ерте келді.

Айта кетейік, бұл Полтораниннің осы маусымдағы соңғы халықаралық додасы болды. Ол бүгінде Канаданың Квебек қаласында басталып кеткен Әлем кубогының жарысына қатыспайды. Алексей 20-28 наурыз аралығында Риддерде өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпек.

Осы айдарда

Back to top button