Қоғам

Алдағы екі жылда 21 жаңа мектеп салынады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен құрылыс алаңдарына инженерлік инфрақұрылым жүргізу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

– Біз 2022-2023 жылдары тұрғын үй құрылысының қалай жүзеге асатынын және оның санын толық білуіміз қажет. Әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйлер салып жатқан компанияларды бірге жұмыс істеуге шақыратындықтан, бір ай мерзімде құрылысқа арналған учаскелер туралы және барлық қажетті инженерлік желілерді жүргізу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлу керектігі туралы ақпарат дайындауды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

ПРОИЗВОДСТВО ТЕРМОМАСЛЯНЫХ И ПАРОВЫХ КОТЛОВ НА ЖИДКОМ, ГАЗООБРАЗНОМ И ТВЕРДОМ ТОПЛИВЕ НА САЙТЕ https://tansu.kz/

Биыл Өскеменде 23 көппәтерлі үй салынуда, оның 15-і келер жылға қалдырылды, Риддер мен Шемонайхада 60 пәтерлік үйлердің құрылысы аяқталуда, Үржар мен Зайсан аудандарында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында құрылыс белсенді жүріп жатыр. Келесі жылға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Білім беру нысандарына келетін болсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде 1 мың жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес, аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне білім беру мекемелеріне қатысты қажеттіліктің бар-жоғын анықтауды тапсырды.

– Бірінші кезекте біз 1950-ші жылдары салынған саман мектептер мен ғимараттарды алмастырамыз. Өз тәжірбиемізде оң нәтиже берген бірыңғай жобаларды қолдана отырып, 2022 жылы 6 мектеп, 2023 жылы 15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Ахметов.

 

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button