Қоғам

Алаш көсемінің 150 жылдығы аталып өтеді

Алаш көсемінің 150 жылдығы аталып өтеді

Алаш көсемінің 150 жылдығы аталып өтеді

Келер жылы қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтеді. БҰҰ жанындағы халықаралық ұйым өзінің кезекті 38-ші сессиясында осындай қаулы қабылдады.
Бұл жөнінде елімізге танымал алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысқан арнайы брифинг барысында белгілі болды.
Жалпы, бұған дейін ЮНЕСКО көлемінде Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Махамбет Өтемісұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан әл-Машани, Ахмет Жұбанов, Әбілхан Қастеев, Шәкен Айманов, Ілияс Есенберлин сынды атақты тұлғаларымыздың мерейтойлары аталып өтілгенін айту керек. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның атаулы күндері қатарына Түркістанның 1 500, Тараз қаласының 2 000, «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы еніп, халықаралық деңгейде тойланды. Енді міне, бұл тізім Алашорда Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханмен толығып отыр.
Бүгінде Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаған Әлихан Бөкейханның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасы 16 томнан астам жинақты құрайтынын айту керек.

Жалақы 28 пайызға көтеріледі

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова алдағы уақытта еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 28 пайызға дейін артатынын мәлім етті.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа моделі енгізіледі. Яғни, мемлекеттік органдар мен қазыналық кәсіпорындардың және денсаулық сақтау саласындағы жұмысшылардың жалақылары 28 пайызға дейін көтеріледі, – деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар, министр әскери дәрігерлердің жағдайына да тоқталды.
– Егер аттестат алған әскери дәрігерлер мемлекеттік қызметкерлерге жатпаса, онда олардың жалақылары көтерілмейді. Аттестаты бар қызметкерлер жалақыларының өсуі мәселесі бойынша тиісті органдарға хабарласуы тиіс, – деді министр.

Ел автоөндірушілері салалық одақ құрды

Елімізде автоөндірушілердің салалық одағы құрылды. «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» деп аталатын ұйым отандық көлік құрастырушы компаниялардың мүдделерін қорғайтын болады.
Аталмыш одақты құру жөніндегі бастаманы кәсіпорындардың өздері көтергенін айту керек. Бүгінде олардың үлесіне отандық автоөнеркәсіп өнімдерін шығарудың 74 пайызынан жоғары сомасы, қазақстандық жаңа автомобильдер нарығының 50 пайыздан астамы және республиканың автомобиль саласындағы қызметінің 40 пайыздан астамы тиесілі.
Одақ құрылтайшылары арасында «СемАЗ», «Дэу Бас Қазақстан», «Азия Авто», «БИПЭК АВТО Қазақстан» сияқты ірі компаниялар бар.
«Жаңа ұйым еліміздегі Машина жасау одағымен, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және бейіндік мемлекеттік ведомстволармен, ең бастысы, Ұлттық экономика министрлігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады» делінген салалық одақ таратқан мәлімдемеде.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button