ТОП

Алаш көсемінің портретін үш мың кубикпен салды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Семей жастары ерекше туынды жасады. Қандай десеңіз, айтайық. Кубиктердің көмегімен Әлихан Бөкейханов портретінің панносын жасап шығарды. Портрет салуға 3 мың кубик жұмсалыпты. Портретті салуға Қазақстан спидкубинг федерациясы және «Mega club» жастар клбуының мүшелері ат салысқан.


Панно арқылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ұжымы жастар назарына Алаш көсемі болған Әлихан Бөкейхановтың тұлғасын, оның қайраткерлігін жеткізбек болған. Панноның биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,6 метр.
Керемет туындыны көргісі келген шаһар тұрғындары мен меймандары Мәңгілік ел, 11 мекен жайында орналасқан университеттің бас ғимаратына келіп, тамашалай алады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button