Қоғам

Аласапыран уақытта аянбаған

Көкпектіліктер Чернобыль апатына қатысқан жерлестерін еске алды.

– 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогында жарылыс болып, 30 шақырымға дейінгі жер апатты аймаққа айналды. Оған сол кездегі КСРО құрамына кіретін 15 республикадан қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан жайылған радиация ешкімді тірі қалдырмады. Алғашқы күндері жақын жұмыс істеген барлық адам көз жұмды. Қаланың халқы басқа өңірлерге көшірілді. Міне, осындай аласапыран уақытта біздің ауданымыздан да азаматтар апат аймағын көшіруге және радиацияның уын ауаға тарап кетпеуі үшін өшіруге қатысып, Отан алдындағы борышын өтеді. Бүгін осы Чернобыль АЭС-індегі апатты жоюшы ардагерлерімізге аудан жұртшылығы атынан құрмет көрсеттік, – деді аудан әкімі Раджан Сейтканов.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button