Қоғам

Қалаларымыз әлемдік трендке сай болмақ

Қалаларымыз әлемдік трендке сай болмақ

Биылдан бастап облыста «Адамдарға арналған қала» деген атпен жалпы әлемдік бағдарлама іске асырылады. Бұл қанатқақты жобаның басты ерекшелігі – өңіріміздің қалаларын әлемдік тренд бойынша абаттандыру. Ол үшін сонау Даниядан мамандар арнайы шақыртылмақ.
– Бұл жобаны ең алдымен Өскемен мен Семейде іске асырып бастайық. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру керек. Оған қажетті қаражат қолымызда бар. Биыл облыс орталығын абаттандыруға бір миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Шамамен осынша мөлшердегі ақша Семейге де қарастырылған, – деп түсіндірді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ.
«Адамдарға арналған қала» жобасына сәйкес абаттандыру жұмыстары жүргізілгенде аты айтып тұрғандай, барлық жайлылық адамдар үшін жасалады. Сапалы әрі сәнді құрылыс материалдары қолданылады. Қаланың ыңғайлы жерлеріне демалыс аймақтары, спорт алаңдары мен балалардың ойын алаңқайлары сияқты арнайы орындар жасалады. Ең бастысы, бұлардың бәрі әлемдік трендке сай жүргізіледі.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button