Қоғам

Алакөл қорығында құстың қанша түрі бар?

Алакөл қорығында құстың қанша түрі бар?

Алакөл қорығының табиғаты таңғаларлық. Түрлі құстардың, жан-жануарлар мен өзге де тіршілік иелерінің мекені. Құс төресі аққу мен қорықтың көркі – көне дәуір шағаласы, киелі бірқазандар мен қалың қамыстың қожасы қабан дәл осы аумақта мекен етеді.
Бұл жерде жыл құсы−орақ тұмсұқ та ұя салып, балапан өргізеді. Қанатты жиһанкездер жылы жаққа ұшқанда немесе көктем уақытында ұшып келіп жатқанда осында қонып, қоректеніп, әл жинап өз жолын жалғастырады. Осы аймақты мекен ететін 269 құс түрінің 16 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Халқымызда дүние есігін ашқан сәбиді құстың атымен атаудың өзіндік себебі болған. Қарлығаштай қайырымды болсын деп қыз балаға Қарлығаш, тотыдайын таранған сұлу қыз болсын деп Тоты, Ақтоты деп ат қойған. Бүркіттей қыран болсын дегені де бар. Адамның табиғатты мекендеген аң-құстан алары да, үйренері де көп болған. Балаға ат қоюды аң-құстың атымен байланыстыру да соның бір айғағы.
Алакөл қорығын күтіп, сақтайтын арнайы мекеме құрылғаннан бері қорық аумағын қорғау ісі еш уақытта тоқтаған емес. Халықаралық мәртебесі бар Алакөлдей көрікті жерлерді қорғап жүрген мемлекеттік инспекторлар өз міндеттерін қалтқысыз орындап жүр.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button