Ал сен оригиналсың! Alazone аренада естен кетпес кеш өтеді

Шілде айында Алакөлге баруды жоспарлап жүрсеңіз, сізді құттықтап қояйық. Себебі шілденің шымылдығын ерекше шоу-концерт түреді. Сонда қалай? Алакөл жағалауына Қазақстан эстрадасының әншілері келіп демалушылардың көңіл-күйін көтереді. Бұл туралы Alazone аренаның әлеуметтік желідегі парақшасында жазылып тұр. Ендеше назарларыңызға 1 шілде күні Алакөлге келетін жұлдызды қонақтардың тізімін ұсынамыз. Арена сахнасында «Ал сен оригиналсың», – деп Әбдіжаппар Әлқожа, «Аспанға қараймын», – деп Абай Бегей, «Ойладың ба», – деп Ауree, «Ұмыттың мені қалай», – деп Дана Кентай келеді. Ол аз десеңіз көңілді кештің тізгіні танымал артист Жандос Самалбековта екенін, біле отырыңыз. Өзінің көңілді әзілдерімен жұрттың көңілін тауып жүрген Кабдол Тлеков та кештің қонағы болмақ. Билеттерді Ticketonkz сайтынан алуға болады. Анықтама телефондары: 87077775587, 87027775591.
Балауса Қожаева